Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Студенттер үйі туралы ақпарат

28.11.2025 801

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттердің әлеуметтік жағдайын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта университет қарамағында 3 студенттер үйі (жатақхана) жұмыс істейді. Жатақханалар оқу орнына жақын орналасқан және студенттердің қауіпсіз, жайлы, әрі қолжетімді тұруына мүмкіндік береді.

Жатақханалардың жалпы мүмкіндіктері:

  • Жайлы тұрғын бөлмелер
  • Ортақ қолданыстағы асханалар
  • Жуыну бөлмелері және санитарлық тораптар.
  • Оқу зоналары мен демалыс бөлмелер
  • Wi-Fi интернет желісі

Қауіпсіздік және тәртіп:

  • Жатақханалар тәулік бойы бейнебақылау камераларымен,
  • Кіру-шығу қоршау жүйелерімен,
  • Арнайы педагог-тәрбиешілер
  • Тәулік бойы кезекшілік қызметімен қамтамасыз етілген.
    Бұл студенттердің қауіпсіздігін күшейтіп, жатақхана аумағында тәртіптің сақталуына мүмкіндік береді.

Тәрбиелік және мәдени жұмыс:

Студенттер үйінде жыл бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • мәдени кештер,
  • спорттық жарыстар,
  • тіл дамыту клубтары,
  • патриоттық және тәрбиелік бағыттағы кездесулер,
  • жаңа оқу жылына бейімделу тренингтері.

Қызмет көрсету және тұрмыстық жағдай:

  • Тұрмыстық техникалар: кір жуғыш машиналар, үтіктеу бөлмелері, шаңсорғыштар.
  • Тазалық пен санитарлық жағдайды сақтау мақсатында арнайы қызметкерлер жұмыс істейді.
  • Университет әкімшілігі жатақханадағы тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытында үнемі жұмыс жүргізеді.

Басымдық берілген санаттар: өзге облыстар мен мемлекеттерден келген студенттер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі студенттер.

Студенттер үйіне орналасу үшін төмендегі құжаттар талап етілді:

  1. Жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме);
  2. Фото 3×4 – 4 дана;
  3. Балалар үйінен анықтама (жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар үшін);
  4. Мүгедектік туралы анықтама (мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін);
  5. Отбасы құрамы туралы анықтама (көпбалалы немесе толық емес отбасылар үшін);
  6. 075/У медициналық анықтама және флюорография;
  7. Төлемақы түбіртегі;
  8. Файл-папка.

Шетел азаматтары үшін:

  1. Паспорт (түпнұсқа, көшірме);
  2. Фото 3×4 – 4 дана;
  3. Медициналық анықтама және флюорография;
  4. Медициналық сақтандыру құжаты;
  5. Төлем түбіртегі;
  6. Файл-папка.

 

Студенттер үй туралы ақпарат

Жатақхана атауы

Мекенжайы

Сыйымды

лығы

Айлық төлемақы

Жылдық төлемақы

1

№1 студенттер үйі

Студенттік даңғыл, 209

430 орын

10 000 ₸

100 000 ₸

2

№2 студенттер үйі

Гагарин көшесі, 107

415 орын

12 000 ₸

120 000 ₸

3

№3 студенттер үйі

Зейнула Ғұмаров көшесі, 60

80 орын

15 000 ₸

150 000 ₸