Media Image
01.08.2025 85

Хабарландыру!

«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор бос лауазымға конкурс жариялайды.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1-ғимарат.

Негізгі қызмет түрі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Байқауға келесі тұлғалар жіберілмейді:

  1. Жасы жиырма беске толмаған;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  3. Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
  4. Арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Белгіленген үлгідегі өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Түсті фотосуреті (3х4 см) бар үміткердің қызметтік тізімі (белгіленген үлгіде);
  4. Жоғары оқу орнының қызмет бағыттары бойынша даму бағдарламасы;
  5. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның, сондай-ақ академиялық немесе ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы туралы дипломның (бар болған жағдайда) көшірмелері және тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Қазақстан Республикасы азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттарының көшірмелеріне уәкілетті органмен берілген аталған білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. Бұл талаптар "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың және зертханалардың білім туралы құжаттарына, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарт (келісім) қолданылатын құжаттарға қолданылмайды.
  6. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (қызметкердің соңғы немесе қазіргі жұмыс орнындағы кадр бөлімімен куәландырылған);
  7. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
  8. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес анықтамасы;
  9. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес анықтамасы;
  10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқ екендігі жөніндегі анықтама.

Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 1 ғимарат, 4 корпус 217 кабинет, телефон: 8 (7122) 27-63-05, 87015633888. Элек.пошта: zh.yerdeshova@asu.edu.kz