Media Image
03.12.2025 52

Нидерланд Корольдігінің Елшісі Нико Схермерст арнайы сапармен келді

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне  Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерст арнайы сапармен келді.
Кездесуге  қоғамдық және академиялық дипломатия офицері Дарын Аманжан, Нидерландтың Құрметті консулы Талғат Имангалиев, университет басшылығы және халықаралық әріптестік офисі қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтті.
Басқарма Төрағасы – Ректор Саламат Идрисов екі ел университеттері арасындағы білім беру және ғылыми алмасуды дамытуға ортақ қызығушылық бар екенін атап өтті.
Академиялық серіктестіктің кеңеюі студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер — ұтқырлық бағдарламалары, тәжірибе алмасу және халықаралық үздік тәжірибелерге қол жеткізуге жол ашатыны да ерекше айтылды.
Сонымен қатар бірлескен ғылыми жобалар, шетелдік профессорларды тарту және халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағыттары талқыланды.
Кездесу тараптардың халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендігін көрсетті.