Атырау университетінде халықаралық дәріс: Нидерланд елшісі студенттермен кездесті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс келіп, студенттер мен оқытушыларға арнаған қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс барысында дипломат Нидерланд елі туралы кең көлемді ақпарат беріп, мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне, қазіргі стратегиялық бағыттарына және Нидерланд Елшілігінің Орталық Азиядағы басымдықтарына тоқталды. Ол Нидерландтың халықаралық экономикадағы, инновациялардағы және жаһандық дипломатиядағы рөлі туралы айтып, өз елінің мәдениеті мен қоғамына қатысты қызықты деректермен бөлісті.
Кездесу еркін сұхбат форматында өтті . Студенттер мен оқытушылар елшіге сұрақтар қойып, дипломатиялық қызметтегі мансап, Нидерланд университеттеріндегі академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері , халықаралық ғылыми жобаларға қатысу және кәсіби тағылымдамалар туралы толық ақпарат алды.
Нико Схермерс Нидерланд тарапынан жас мамандарды қолдауға және екіжақты академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.