Media Image
28.11.2025 7

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға арналған интеллектуалды сайыс өтті

Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері және Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті, Менеджмент кафедрасы студенттері үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық прокуратура өкілдері қатысып, өз қызметтері жөнінде ақпарат берді және құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Шара барысында студенттер мен мемлекеттік орган өкілдері 3 топқа бөлініп, интеллектуалды ойынға белсенді түрде қатысты. Ойын барысында құқық пен міндет тақырыптарына арналған сұрақтар, сондай-ақ нақты жағдаяттарға негізделген ситуациялық тапсырмалар ұсынылып, студенттердің құқықтық ойлау қабілеті мен шешім қабылдау дағдылары бағаланды.

Өткізілген ойын жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен құқық саласына деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

📷 Дополнительные изображения