Media Image
28.11.2025 5

«ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы Заңнама аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 28 қараша күні Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры., PhD  Р.У. Мугауина мен сеньор-лекторы, магистр  А.Р. Тажиденованың ұйымдастыруымен  «ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы Заңнама аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Оған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы департаменті басшысының орынбасары  А.Ж. Адиева қатынасып, өз ойымын бөлісті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – бәсекелестікті қорғау саласындағы ұлттық заңнаманың өзекті мәселелерін талқылау және оның тиімділігін арттыру жолдарын айқындау. Дөңгелек үстелде бәсекелестік туралы заңнама нарықтағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, монополиялық әрекеттердің алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды құқықтық негіз болып табылатындығы айтылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанның бәсекелестік саясаты халықаралық тәжірибеге сай жетілдіріліп, нарықтағы экономикалық шоғырлануды бақылау тетіктері күшейтіліп жатқаны да сөз болды. Кездесу барысында спикерлер мен қатысушылар тараптарынан көптеген сұрақтарға жауаптар алынды.  Бұл кездесу білім алушыларға болашақ мамандығына деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың қыр сырыда көп екендігі айтылды.