Media Image
26.09.2025 38

Студенттер Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаевпен кездесті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің инновациялық білім беру факультетінің 4 курс студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаевпен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – талантты, қабілетті және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ олардың бойында мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттыру.

Өз сөзінде Нұрлан Еркебаев мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіндегі бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталды.

– «Мемлекеттік қызмет – жастар үшін өзін кәсіби тұрғыдан шыңдауға, елдің дамуына үлес қосуға зор мүмкіндік. Сондықтан біз дарынды түлектерді мемлекеттік басқару ісіне белсенді тартуға мүдделіміз», – деп атап өтті Нұрлан Еркебаев.

Кездесу барысында студенттер мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері, іріктеу кезеңдері және кәсіби дамуға қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

file