
Былина этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан тілдері күніне арналған қазақ тілін меңгеріп жатырған Былина этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуде Атырау университетіне академиялық ұтқырлық аясында Гилан университетінен (Иран) келген философия ғылымдарының докторы Мехтиханлы Севиндж қазақ, орыс, парсы тілдеріндегі мәдени мағыналардың бейнелену ерекшеліктерін баяндаса, ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері “Былина” этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Короблев, орыс филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Сания Камелова, орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Узима Джумагалиева, “Ұстаз” мектебінің директор орынбасары Қайрат Сисенов ана тілін білудің және оны қастерлеудің қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ көпұлтты елімізде сөйлейтін тілдердің байлығы туралы айтып өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшысы Айнагуль Ислямова, эксперт Шынаргүл Темірбаева, ҚХА иституты директоры Айдана Бақытова және Былина этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.

