Media Image
26.09.2025 249

Каспий макроаймағындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқу орнының 85 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Каспий макроаймағындағы қауіпсіздік мәселелері: халықаралық қатынастар, экология және тұрақты даму» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ғылыми жиынға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысып, Каспий аймағындағы геосаяси ахуал, экологиялық мәселелер және тұрақты даму бағыттары талқыланды.

Конференция барысында Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі, өңірдің техникалық-технологиялық даму перспективалары, балық өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және аймақтың халықаралық жобалардағы орны туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.

Шараға Иран, Ресей және Қазақстан ғалымдары қатысып, Каспий өңіріндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қатысты өз көзқарастарын ортаға салды.

Конференция соңында қатысушылар пікір алмасып, естелік суретке түсті.

file
file
file