
Жасанды интеллект апталығы (AI Week) басталды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жасанды интеллект аптасы (AI Week) салтанатты түрде ашылды. «AI: Білім, ғылым және өндірістегі мүмкіндіктер» панельдік сессиясы университет пен бизнесті жетекші өкілдерін ұштастырды. Әрбір спикер өзінің құнды тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға мол білім ұсынды.
Сессияны ашқан Басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлы Идрисов ЖИ стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, саладағы маңызды жобаларды іске асыру жайына тоқталды.
Аслан Жұмағазиев («Жігермұнайсервис»), Рүстем Кусаинов («Теңізшевройл»), Асқар Алдан («TerenOi») ЖИ-ды өндіріске енгізуге және мамандарға арналған жаңа мүмкіндіктер жөніндегі түйінді мәселелерді көтерді. Равиль Қаржауов («Atyrau Hub») практикалық жұмыстары жөнінде айтып, студенттерді қанаттандырды. Сондай-ақ, онлайн-спикерлер де мол тәжірибелерін ортаға салды: Акмарал Кужиева («StrikePlagiarism») жосықсыз контенттермен күрес, Әсем Кусаинова («Norset») медицинадағы ЖИ тақырыптарын қозғаса, Нұрсұлу Сүлейменова («BMG Upskill») ЖИ-дың болашақ кадрлардың үздіксіз оқуы мен дамуын қамтамасыз ететінін айтып берді.
Жасанды интеллект аптасы (AI Week) 4 қазанға дейін жалғасады. Алда бізді жан-жақты бағдарлама күтіп тұр: Atyrau Hub-пен буккемп, практикалық шеберлік сабақтары, қызықты пікірталастар, инновациялық жобалар көрмелері, факультеттегі семинарлар.
Барлық студенттерді, оқытушылар мен әріптестерді белсенді қатысуға шақырамыз!
/ректор фото.jpeg)
/AI зал.jpeg)