
Халықаралық дәріс: Еуропа тарихына жаңа көзқарас
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетінде Витаутас Великий университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Домининкас Бурба арнайы дәріс оқыды.
Дәрісте Еуропа тарихының негізгі кезеңдері мен үрдістері жан-жақты талданып, XVIII–XIX ғасырлардағы Ұлы Литва княздігінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы қарастырылды.
Профессор Бурба өз баяндамасында Литва мен Еуропа елдерінің тағдыры өзара байланыста қарастырылатынын, бұл үдерістердің қазіргі тарих ғылымында айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге тың дереккөздер, салыстырмалы талдау әдістері мен заманауи тарихнамалық тұжырымдарды ұсынды.
Дәріс барысында студенттер мен жас зерттеушілер профессорға сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл өз кезегінде олардың ғылыми қызығушылығын арттырып, кәсіби ізденістеріне тың серпін берді.
