Media Image
19.09.2025 240

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық әртісі, театр өнерінің алыбы, аңыз тұлға Асанәлі Әшімов студенттермен кездесті.

«Өнер мен өмір сабағы» атты тағылымды шарада аңызға айналған тұлға шығармашылық жолы, өнер мен өмірдің қыр-сыры туралы ойларымен бөлісіп, жастардың сауалдарына жауап берді.

Шараға Атырау университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиында дәстүрлі ән өнерінің білім алушылары аңыз тұлға мен жұбайы Бағдат Әшімоваға әннен шашу шашты.

Кездесу барысында студенттер ұлт мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлғаның өмір жолынан өнеге алып, болашаққа бағдар болатын құнды кеңестер алды.

file
file
file