Media Image

20 маусым 2025

Университет ғалымдарына ғылыми атақтар табысталды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде өткен Ғылыми кеңес отырысы салтанатты марапаттау рәсімімен басталды.

Жиынды университет ректоры, Ғылыми кеңестің төрағасы Саламат Идрисов ашып, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұжым мүшелеріне арнайы марапаттар мен ғылыми атақтарды табыс етті.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми-педагогикалық мекемелер арасындағы зерттеу конкурсының нәтижесі бойынша, «БІЛІМ БЕРУ ҮЗДІГІ» төсбелгісі және 1-дәрежелі дипломмен қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Өтепқалиев Серік марапатталды.

Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен бірқатар оқытушы-ғалымдарға ғылыми атақ берілді:

⏺️Нұрғалиева Гүлшат - Жер туралы және қоршаған ортаны қорғау ғылымдары бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы;

⏺️Ележанова Шынар - Компьютерлік ғылымдар және информатика бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы;

⏺️Хамидуллина Динара - Тарих және археология бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы;

⏺️Махатова Валентина - Компьютерлік ғылымдар және информатика бағыты бойынша «профессор» ғылыми атағы;

⏺️Қуанбаева Баян - Білім бағыты бойынша «профессор» ғылыми атағы.

Салтанатты сәт соңында ректор марапат иелерін құттықтап, олардың ғылым мен білімге қосқан зор үлесін атап өтті. Университет ұжымы ғалымдарға шығармашылық табыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тіледі.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, ғылым мен білім саласындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!