Media Image

26 сәуір 2025

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті

Кеңес барысында оқу орнының стратегиялық бағыттары мен академиялық даму мәселелері қаралумен қатар, әріптестерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Ғылым саласындағы нәтижелі еңбегі үшін университет ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарына ие болды:
Райгүл Төлеуоваға
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі табысталды.
Мейрамгүл Мұхамбетова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды!
Жиында университет ректоры Саламат Идрисов мерейлі жасқа толған әріптестер – Александр Эдуардович Буров пен Соня Абылайқызы Мурзағалиеваны құттықтап, ұзақ жылғы еңбектері мен университет дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Соня Абылайқызына дене шынықтыру және БӘД кафедрасына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің “Хиуаз Доспанова” төсбелгісі табысталды.
Ұжым атынан марапат иелерін құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!