
26 сәуір 2025
Ауыл ойындары - 2025
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Ақтөбе қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында өтіп жатқан «Ауыл ойындары – 2025» ұлттық спорттық турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуде!
Турнир мақсаты:
– Студенттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру;
– Ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау;
– Салауатты өмір салтын дәріптеу;
– Ауылдан бастау алатын рухани құндылықтарды жандандыру.
Жарысқа енгізілген 7 ұлттық спорт түрі:
1. Асық ату
2. Ләңгі тебу
3. Арқан тартыс
4. Дәстүрлі садақ ату
5. Тоғызқұмалақ
6. Қазақ күресі
7. Футзал
Сайыс нәтижесі бойынша, жалпы командалық есепте Атырау облысы командасы ІІІ орынды иеленді.
Өткен ойындар нәтижесінде:
Тоғызқұмалақ – І орын
• Құсайынова Арайлым
• Нұрмағанбетова Жұлдыз
• Салихова Назира
Садақ ату – І орын
• Жұмабаева Қымбат
• Махмет Ернар
• Абзал Ғамидолла
Қазақ күресі – ІІ орын
• Шадияр Мейрамбек
Асық ату - ІІІ орын
•Шарапиденов Нұржауған
•Меңдіғалиев Нұрқанат
•Шәріп Ерасыл
Құттықтаймыз!
Ұлттық рухты көтеріп, спорттағы шеберлігімен дараланған жеңімпаздарымызға алғыс айтамыз!