
25 сәуір 2025
«Khalel Quiz» зияткерлік ойыны өтті
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Khalel Quiz» зияткерлік ойыны өтті.
Атырау қаласы мен аудандарындағы техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен қызметкерлері арасында өткен бұл шара командалық рухты нығайтып, қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін шыңдауға бағытталды.
Байқауға Атырау облысы бойынша 300-ге тарта мұғалімдер мен қызметкерлерден құралған 50 команда қатысып, қазақ тілінде өткен quiz ойынында өз білімдерін сынады.
Ойынның басты мақсаты — білім беру саласында еңбек етіп жүрген мұғалімдер мен қызметкерлердің зияткерлік қабілеттерін дамыту, білімді ұжымдық түрде қолдануға бағыттау.
Ойын 6 түрлі турдан тұрды:
Тест сұрақтары
Әріп сұрақтар
Күрделі сұрақтар
Тақырыптық сұрақтар
Медиа сұрақтар
Тәуекел сұрақтар
Қорытынды ұпайлар нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, сайыс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдар мен жалпы сомасы 520 000 теңге болатын ақшалай сыйлықтарға ие болды:
1 орын – 200 000 теңге - N21 Жамбыл атындағы мектептің “Уақытша атау” командасы;
2 орын – 150 000 теңге - Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің “Апай қайталап алайыншы” командасы;
3 орын – 100 000 теңге - Мақат ауданының білім ұйымдарының “Манхэттен -Мақат” командасы;
4–10 орындар – әрқайсысына 10 000 теңге.