2024-2025 жылдағы іс-шаралар
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен іс-шаралардың 2024-2025 оқу жылындағы есебі.
11 қыркүйек Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттеріне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және оларға адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
https://www.facebook.com/share/p/16z2Q463NS/
15 қазан Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына орай зияткерлік quiz ойыны өтті. Атырау университетінен көптілді білім беру факультетінің студенттері мен Комплаенс-офицері қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DBJulMni4O4/?igsh=c2ZqMTcxa3RwMXFl.
30 қараша Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымы ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында еліміздің ЖОО студенттерінің қатысуымен «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты республикалық форум ұйымдастырды
https://www.facebook.com/share/p/16jbEtbSbM/
6 желтоқсан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.«Сыбайлас жемқорлықтың зияндылығын толық көрсететін кездесулер, пікірсайыстар, куиз ойындары, жемқорлық мәселесінің мәнін ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның қоғамға әсері туралы пікір алмасулар университетте жиі өтіп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары мен тәсілдері, болжалды түсініктерге анықтама беруде университет қабырғасында «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер клубы жұмыс жасап тұр. Биыл 10 жылдық мерекеге орай Республикалық деңгейдегі керемет шаралар өтті. Бұл шараларға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері де қатысып, белсенділік танытты»,- деді басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов алғы сөзінде.Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жанұзақова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жетекшісі Шыңғыс Мұхамбетқалиев, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Әсел Мухамеддина, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес студенттік клубының жетекшісі Айгерим Имашевалар мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларда белсенділік танытқан қызметкерлер мен студенттерге университет ректоры Саламат Идрисов алғыс хаттар табыстады.Сонымен қатар халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай оқытушылар мен мамандар арасында өткен куиз ойыны жеңімпаздары марапатталды.
9 желтоқсан күні “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай оқытушылар мен жас мамандар арасында “Қазақша Quiz” ойыны өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DDWCmectsPS/?igsh=ajNqMTBuczZiamNq
14 ақпанда «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» форсайт сессиясы өтті.
Форсайт сессияға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары (онлайн), «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, ЖОО өкілдері қатысты.
https://www.facebook.com/share/v/16f2Srfx7V/
28 ақпан Экономика және құқық факультетінің Қылмыстық құқық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң ғылымдарының магистрі Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен Жалпы университеттің 1 курс студенттеріне арналған «Құқық негіздер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының субъектілеріжәне олардың өкілеттіктері» тақырыбынды қонақ дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Аманиязова Айдана Талғатқызы дәріс қонағы ретінде келіп тақырыпты өзінің практикасымен ұштастыра отырып ашты.
https://www.facebook.com/share/v/1Lh4gbJe2Z/
17 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Заң және тәртіп айлығы аясында «Жастардың құқықтық сауаттылығы және құқық қорғау органдарына деген сенімдерін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
https://www.facebook.com/share/v/161ivkd4BS/
23 сәуір «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облыстық филиалы мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «BAIZAAR» сауда ойын - сауық орталығында азаматтарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/v/1FaXgejCEm/
25 сәуір Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Экономика жане құқық факультетінің «Қылмыстық – құқықтық пәндер» кафедрасының з.ғ.м., сеньор-лектор Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Парақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында Дене шынықтыру және спорт мамандықтарының 1 курс студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
https://www.facebook.com/share/v/19YdJEju29/
30 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында және Конституцияның 30 жылдығына орай 1-курс студенттері арасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында жалпыуниверситеттік зияткерлік ойын өтті.
https://www.facebook.com/share/p/16iuDC2XJu/
16 мамыр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1CYqqNUVhe/
27 мамыр «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бірлесе өткізген «Ең үздік бейнеролик» жобасы өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1RP23vvqce/
29 мамыр Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттерінен құралған «Ар мен Заң» командасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінле өткен «ANTIPARACRAFT-2025» республикалық антикоррупциялық квест-ойынында жүлделі ІІ орын иеленді!
https://www.facebook.com/share/p/19YAfMKgcK/
30 мамырда Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көшпелі отырысы өтті. Атыраудада өткен отырысқа Агенттіктің төрағасы Асқар Жұмағали, Мәжіліс депутаттары, облыс әкімі Серік Шәпкенов, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, жергілікті департаменттер мен басқарламалардың, құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды.