Кафедра тарихы

09.04.2026 129

Қазақ тілі  және әдебиеті кафедрасы  1955 жылдан бері Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындайтын университеттің байырғы кафедраларының бірі.  Сонау алпысыншы жылдарда кафедрада Мұқаш Жақыпбеков,  Мағжан Мышанов, Хасан Кәрімов, Ермек Өтебаев, Құсекен Шәукенұлы, Бабаш Әбілқасымов, Бизура Дүйсәлиева, кейінірек, Құлмат Өмірәлиев, Сабыр Қазыбаев, Қабиболла Сыдықов, Мағрипа Орашева,  Мархабат Томанов (ф.ғ.к.) жұмыс істеді. Осылардың ішінде алғашқы  ғылыми дәреже алғандар: Ермек Өтебаев (1964ж.), Құсекен Шәукенұлы (1965ж.), Хасан Кәрімов (1969ж.), Құлмат Өмірәлиев (1971ж.), Хабиболла Сыдиықов (1973ж.), Сабыр Қазыбаев (1976ж.), Мағрипа Орашева (1978ж.) филология ғылымдарының кандидаты болды да, Мархабат Томанов, Бабаш Әбілқасымов филология ғылымдарының докторы атағын алды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты М.Жақыпбеков (1957-1963 жж.) болды.  Кейін кафедра меңгерушісі болып Е.Өтебаев (1963-1965 жж.) қызмет етті.

Қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы Кеңес үкіметінің қаулысымен   1965- жылы жабылып қалды. Содан 1984-жылдың 1 қыркүйегінде  Музыка және педагогика факультеті жанынан Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі болып қайта ашылды. Кафедра меңгерушісі  С.Қазыбаев (1984-1987жж.) болды. Бұл уақытта кафедра құрамында Қ.Шәукенов, Қ.Жүсіп, М.Мардыкова, М.Қожанов, Ж.Махимова, Қ.Аронов, А.Садықова, Г.Уәйісовалар қызмет етті. 1987 жылдан бастап  Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы Тарих-филология факультеті құрамында болды, кафедра меңгерушісі Қадыр Жүсіп.  Кафедрада        С.Қазыбаев, Қ.Аронов, А.Садықова, Ж.Жантасов, М.Көптілеуов, және жас мамандар Д.Арыстанғалиева, Ж.Абдрахманова, Д.Жақанова, Л.Қайырғалиева қызмет етті.

 Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 1990 жылы институт Ғылыми кеңесінің шешімімен  «Қазақ әдебиеті» және «Қазіргі қазақ тілі» кафедралары болып екіге бөлінді. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі болып Қадыр Жүсіп, ал «Қазіргі қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болып Құсекен Шәукенұлы тағайындалды.

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы құрамында С.Қазыбаев, Қ.Жүсіп,  Ж.Жантасов, М.Көптілеуов, Д.Арыстанғалиева, Д.Жақанова, С.Дүтбаева   болды,  келесі оқу жылында өз түлектеріміз Б.Тәжбентаева, М.Сатимова, Г.Жұмабаевалармен толықтырылды, кейінірек Ж.Балтоғаева, Г.Аяпова, Г.Ещанова, А.Қыдырбаева, Р.Каримов, Б.Әбдешев, М.Ершу, Б.Хаменова  келді.

Қазақ әдебиеті кафедрасының ғылыми әлеуетін көтеруде Академик, филология ғылымдарының докторы Зейнолла Қабдоловтың еңбегі зор. З.Қабдолов кафедра мүшесі болып қана  қоймай, кафедра оқытушыларының  ғылыми диссертациямен айналысуына үлкен бағыт-бағдар беріп, өзі де жетекшілік етті.

Зейнолла Қаболовтың жетекшілігімен  Жүсіп Қадыр Өтегенұлы, Қыдырбаева Айкүміс Қыдырбайқызы, Садықова Айсұлу Тәжіғалиқызы, Ещанова Гүлшара Барысқызы, Дүтбаева Сәуле Сергоқызы  ғылыми диссертацияларын қорғады.

«Қазіргі қазақ тілі» кафедрасы құрамында Қ.Шәукенұлы, А.Садықова, Қ.Аронов, Ж.Абдрахманова, М.Қожанов Қ.Айтқалиев, А.Габдуллина, Р.Абишева болды,    келесі  жылы С.Ғұбайдуллин, С.Алиева келді, артынан өз түлектеріміз С.Аташев, А.Қалиев, А.Елеуова, Д.Баймашева, А.Салиховалармен толықтырылды, кейінірек Ж.Қажығалиева,  Қ.Дүсіпова, Ж.Мұхамбетов, Н.Салимова, Ж.Махимова, Р.Тулепбергенова, Г.Сабирова   келді.

 

2003 жылы «Қазақ әдебиеті» кафедрасы жанынан 6N0205-филология бойынша магистратура және «Журналистика» мамандығы ашылды.  Кафедраға тәжірибелі журналист мамандар тартылды. Олар: Теңдік Жауырұлы, Өтепберген Әлімгереев, Төлеген Жаңабаев, Ләззәт Мажитова, сондай-ақ А.Темірғалиева, Д.Асқынбай, Н.Нұрланова сынды журналистика мамандығын бітірген жас мамандармен толықтырылды.

Қазақ әдебиеті кафедрасы 2009 жылдың 28 қазанындағы университет ғылыми кеңесінің шешімімен «Филология және журналистика» кафедрасы болып өзгертілді.

2010 жылдың  қыркүйегінде «Филология және журналистика» кафедрасы  «Филология» және «Журналистика» кафедралары болып екіге бөлінді де, «Филология» кафедрасына «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының профессор-оқытушылары (Нажикенова Г.Б., Баймашева Д.Қ., Есқалиева Ж.А., Атаханова Н.А., Қайыржанова Б.С., Нұғыман А.Қ., Нұртілеуова Ж.А., Аманғалиева М.Ж., Есмұратова Ж.И., Өсербаева М., Қырықбаева Ж.М.) қосылды. Кафедра меңгерушісі болып Елеуова Айгүл Сергейқызы тағайындалды (2010-2011).

 2011 жылы «Филология» кафедрасы қайтадан «Журналистика» кафедрасына қосылып, «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасы болып аталды. Кафедраның меңгерушісіне Қыдырбаева Айкүміс Қыдырбайқызы  тағайындалды (2011-2014).

2014 жылдың 1-қыркүйегінен  «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасының журналистика бағыты  «Орыс филологиясы» кафедрасына,   қазақ әдебиеті бағыты «Қазіргі қазақ тілі»  кафедрасына қосылып, кафедра атауы «Қазақ тілі және әдебиеті» болып аталды.

          Аталған кафедралар бойынша мыңдаған студенттер білім алып, бүгінде республиканың әр саласында еңбек етіп жүр. Кафедра ПОҚ-ы сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, кафедраның ғылыми әлеуетін көтеруді де басты назарда ұстап отырды. Атап айтсақ,

Жүсіп Қадыр Өтегенұлы - филология ғылымдарының докторы (1996ж.);

Филология ғылымдарының кандидаттары: Құсекен Шәукенұлы (1965ж.), Қазыбаев Сабыр Қазыбайұлы (1976ж.), Аронов Құспан Ғұмарұлы (1993ж.), Аташев Серік Мұратұлы (1995ж.), Ғұбайдуллин Сәндібек (1995 ж.), Жұмабаева Гүлнар Сапиқызы(1999ж.), Садықова Айсұлу Тәжіғалиқызы  (1999ж.), Қыдырбаева Айкүміс (2001), Салихова Айымгүл Зинелғабиденқызы (2001), Әбдешев Баязи Мәдешұлы(2003), Балтоғаева Жайлы Елепқызы (2003), Аяпова Гүлзира Борамбайқызы (2004), Абдрахманова Жұмазия Мажитқызы (2004), Мұхамбетов Жомарт Ибатоллаұлы (2007),  Елеуова Айгүл Сергейқызы (2007), Дүтбаева Сәуле Сергоқызы (2008), Ершу Маржан Аманқосқызы (2009), Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы (2009); Сабирова Гүлбану Нұрымқызы (2010).

Педагогика ғылымдарының кандидаттары: Ещанова Гүлшара Барысқызы (2008), Қайыржанова Бибігүл Сейілханқызы (2008).

Әр жылдардағы кезеңдерде кафедра   меңгерушісі  міндетін атқарғандар: 

Қазыбаев С.Қ.(1984-1987); Жүсіп Қ.Ө. (1987-2003); Қ.Шәукенұлы (1990-2001); Әбдешев Б.М.(2003-2005), Г.С.Жұмабаева (2001-2007); Абдрахманова Ж.М. (2007-2011); Садықова А.Т. (2005-2010); Қыдырбаева А.Қ. (2010-2014); Салихова А.З. (2011-2013);   Мұхамбетов Ж.И. (2014-2016); Елеуова А.С. (2016-2020); Дауткулова А.Қ. (2020-2021), Абдрахманова Ж.М. (2021-2025).

Бүгінде  Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 6В02302-Филология:қазақ филологиясы білім бағдарламалары бойынша бакалавр, 7М01701-қазақ тілі мен әдебиеті және 7М01701-филология(қосдиплом) білім бағдарламалары  бойынша магистрлер   дайындайды.

 Кафедрада  ғылым кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар: Абдрахманова Ж.М., Балтоғаева Ж.Е., Жұмабаева Г.С., Аяпова Г.Б., Елеуова А.С., Салихова А.З., Амангазиева М.Қ., Қайыржанова Б.С.;  магистрлер: Есқалиева Ж.А., Нажикенова Г.Б., Даулетова А.Н., Салимова Н.С., Тулепбергенова Р.Р., Дауткулова А.Қ., Нұғыман А.Қ., Сариева А.Ж., Камелова М.С. білім алушыларға дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізіп келеді. 

2025 жылдың қыркүйек айынан бері   кафедраның меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аяпова Гульзира Борамбайқызы. Кафедра лаборанты Кусайынова Рима Каменовна 1990-жылдан бері еңбек етіп келеді.