2023-2024 оқу жылы

13.06.2025 237

27.09.2023     

Республикалық “Ақберен”  өнер байқауының облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін ұйымның шығармашыл оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

«Эссе жазу» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Исаш Бексұлтан I ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!

“Көркемсөз оқу” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Каятов Нурислам                        II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!

 “Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Жаңғабыл Мадияр  II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!

 «Шешендік, білгірлік сайысы» бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Мұхамбетқали Бақберген  III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!

«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш Алғыс хатпен марапатталды!

” Ұстаз “ мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

 

03.10.2023

Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі

С.Өтебаев атынданы Атырау мұнай және газ университеті базасында                   11(12) - сынып оқушыларына арналған жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға, “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Мақсот Айназар қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталып, келесі кезеңге жолдама алды!

Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтай отырып, келесі кезеңге сәттілік тілейміз!

16.10.2023

Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық                    байқауының облыстық кезеңі

 Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өтті.

 «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы - нысан макетін презентация түрін жасау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Бекижан Фархад қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

 «Шағын Отанымның символы» номинациясы - автордың өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының             10 - сынып шәкірті Жұбан Кемел қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

 «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш және                     «Менің туған өлкем» номинациясы - туған жері, өз қаласы/ауылы туралы эссе жазу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Оңғали Әли қатысып, өз бақтарын сынады.

Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

20.10.2023

Облыстық «Колизей кубогы» кіші аяқ доп жарысы

25-қазан Республика күні мерекесіне орай КМҚК Атырау көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік серіктесі “Колизей” ЖШС - нің бас директоры Андрей Александрович Короблёвтың демеушілігімен студенттерге арнап салынған спорт алаңының ашылу салтанатына арналған «Колизей кубогы» облыстық студенттер арасында кіші аяқ доп жарысына қатысып, “Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының командасы III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

  

02.11.2023

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында, Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

 «Ұлы арман» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мұрат Нарбек қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Жанғалиев Ердос қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

 «Ел құтқарар ер едім…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мухамбетқали Бақберген қатысып, III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

 «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 - сынып шәкірті Жанғабыл Мадияр Алғыс хатпен марапатталды.

«Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Кайырбай Қуаныш қатысып, өз бағын сынады.

Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

   

28.11.2023

Республикалық Лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі

“Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Лингвистика іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Нәтижесінде 11 - сынып оқушысы Жанәліұлы Аят Алғыс хатпен марапатталды.

Жетекшісі: Сүйенгалиева Гульмира Сабировна
 Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!