Факультетке оралу
Орынбасаров Асланбек Орынбасарұлы

Орынбасаров Асланбек Орынбасарұлы

Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары

Өмірбаян

Асланбек Орынбасарұлы ОРЫНБАСАРОВ - педагогика ғылымдарының магистрі, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушысы Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Құлсары қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектепті аяқтады. Сол жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «6B02201 – Тарихшы-зерттеуші» білім беру бағдарламасына оқуға түсіп, 2024 жылы бакалавриатты тәмамдады. Университетте білім алған жылдары ғылыми, қоғамдық және студенттік өмірге белсенді араласты. Университеттік және республикалық деңгейдегі ғылыми, қоғамдық және жастар іс-шараларына қатысып, студенттік бастамаларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға атсалысты. Оқу және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін Ғинаятолла Әбдірахманов атындағы стипендияның иегері атанды. 2026 жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «7M01601 – Тарихшы-педагог» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 2023 жылы Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» КММ-де бастады және аталған мекемеде 2024 жылға дейін қызмет атқарды. 2024 жылдан бастап Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде еңбек етеді. 2024–2026 жылдары факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, тәрбие жұмысы, жастар саясаты, студенттік бастамалар және қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бағыттарына жетекшілік етті. 2026 жылдан бастап Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары және Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарады. Ғылыми қызығушылықтары Қазақстан тарихы, тарихи рәміздер, геральдика және вексиллология, сондай-ақ тарихты оқыту мәселелерін қамтиды.