Өмірбаян
Моллақанағат Сара Сайпуллақызы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары*
2003 жылы 28 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Астана қаласындағы №53 жалпы орта білім беретін мектепті аяқтады. Сол жылы Астана халықаралық университетінің «6В01701 – Шет тілдер: екі шет тілі» білім беру бағдарламасына оқуға түсіп, 2024 жылы бакалавриатты тәмамдады.
Университетте білім алған жылдары қоғамдық және студенттік өмірге белсенді араласып, білім беру және тіл үйрету бағыттарында тәжірибе жинақтады. Ағылшын және түрік тілдерін меңгеріп, кәсіби біліктілігін арттыру бағытында қосымша білім алды. Сонымен қатар Иран мәдени орталығында парсы тілін оқып, шығыс тілдері мен мәдениетіне қатысты білімін жетілдірді.
2024 жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «7М02201 – Тарихшы-зерттеуші» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға оқуға түсіп, тарих ғылымы бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2026 жылы магистратураны аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
2025–2026 оқу жылында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасында лаборант қызметін атқарды. Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарына атсалысып, білім алушылармен және оқытушылармен жұмыс жүргізді.
Қазіргі уақытта Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарады. Тәрбие жұмысы, жастар саясаты, студенттік бастамалар, білім алушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру және қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бағыттарына жетекшілік етеді.
Ғылыми қызығушылықтары Қазақстан тарихы, шетелдегі қазақтарының тарихы мен мәдениеті, қазақтардың тарихи-мәдени мұрасы, қолжазба мұрасы, шежіре және тарихты зерттеу мәселелерін қамтиды.