Өмірбаян
Ғаділбек Мұратұлы ӘЛЖАНОВ – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы.
1982 жылы 25 қарашада дүниеге келген. 2004 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Сәндік-қолданбалы өнер» мамандығы бойынша аяқтап, жоғары кәсіби сәндік өнер суретшісі біліктілігін алды. 2015 жылы аталған университетте «Дизайн» мамандығы бойынша өнертану магистрі дәрежесін иеленді.
2017–2020 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша докторантурасында білім алып, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
2023 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы аясында Түркия Республикасының Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің Өнер факультетінде «Арт-менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Еңбек жолын 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып бастады. 2005 жылдан бастап Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы.
Еуразия Дизайнерлер одағының және Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшесі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары көркем білім беру, этнодизайн, экодизайн, сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық өнер және дизайн мәселелеріне бағытталған. №АР08053283 «Көркем білім берудегі дәстүрлі және заманауи ұлттық өнердегі экодизайн эволюциясы» ғылыми жобасына қатысты.
Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда көркем білім беру, этнодизайн және экодизайн мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері жарияланған. Ғылыми мақалаларының қатарында Scopus дерекқорында индекстелетін халықаралық басылымдардағы еңбектері бар. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және басқа елдерде өткен халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысқан.
Студенттердің ғылыми жобаларына жетекшілік етеді, бейнелеу өнері және көркем еңбек пәндері мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік кеңес береді.
2021 жылы Еуразия Дизайнерлер одағының «За творческие отличия в дизайнерском искусстве» медалімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.