Факультетке оралу
Динара Ұлықпанқызы Хамидуллина

Динара Ұлықпанқызы Хамидуллина

Факультет деканы

Өмірбаян

Динара Ұлықпанқызы ХАМИДУЛЛИНА – тарих ғылымдары бойынша PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы 1986 жылы 9 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1992-2003 жылдары Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектепте білім алды. 2007 жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Тарих-география мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2010 жылы аталған университетте тарих магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғады. 2025 жылы тарих және археология ғылымдары бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Еңбек жолын 2007 жылы Атырау бизнес және құқық колледжінде оқытушы болып бастады. 2007–2008 жылдары аталған оқу орнында қызмет атқарды. 2008–2011 жылдары №5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды. 2013 жылдан бастап Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет атқарды. 2017 жылы Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. Ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалардың, 1 оқу құралы мен 1 ғылыми монографияның авторы. Білім беру саласындағы және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен (2024) және бірқатар мекемелердің Алғыс хаттарымен марапатталған.