
27 мамыр 2025
Университет студенті - ұлттық олимпиада жеңімпазы
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, «AML ACADEMY» Қаржы Мониторингі академиясы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Тұран университетінің ұйымдастыруымен Қаржы қауіпсіздігі бойынша ұлттық олимпиаданың финалы өтті.
Олимпиадаға Атырау университетінің 125 білім алушысы тіркелді. Құқықтану, экономикалық бағыттағы білім алатын студенттер мен ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-курс магистранттары олимпиаданың 1-ші кезеңі онлайн тестілеуге қатысып, 65 білім алушысы сәтті өтіп шықты. Ал екінші эссе жазу кезеңінен Экономика және мемлекеттік басқару ББ 3 курс студенті Данияр Джумаш үздік 40 қатысушының қатарына еніп, финалға өтті.
Финалда үздік 40 қатысушы шахматтан фиджитал-спорт турниры, сауалнамадан және квест зияткерлік ойындарынан іріктеуден өтіп, 10 жеңімпаз анықталды. Ұлттық команда құрамына енген жеңімпаздар қатарында Данияр Джумаш Красноярск қаласында өтетін қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстаның намысын қорғайтын болады. Даниярға сәттілік тілейміз!