Media Image

26 мамыр 2025

«Орыс тілі: кеше, бүгін, ертең»

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде славян жазуы мен мәдениеті күніне орай «Орыс тілі: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтті.
Кирилл әліпбиінің негізін қалаушылар Кирилл мен Мефодийдің өмір жолымен, олардың славян әліпбиін жасаудағы еңбегімен таныстыру, орыс жазуының бастау көздері мен рухани-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Былина этномәдени бірлестігінің мүшелері, Атырау қалалық мектептерінің ұстаздары қатысты.
Орыс филологиясы кафедрасы ұйымдастырған жиында көптілді білім беру факультетінің деканы Меруерт Аманғазиева, орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Узима Джумагалиева, Ресейдің Оралдағы вице-консулы Константин Погорельский, «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблёв және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - славян жазуы мен мәдениеті және сіздердің кәсіби мерекелеріңіз - 25 мамыр – филологтар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің Атырау университетімен әріптестік қарым-қатынасымыз 2017 жылдан бері жалғасын тауып келе жатыр. Орыс филологиясы кафедрасы университет құрушы негіздің бірі. Себебі аталған кафедра кезіндегі институттың негізін қалады. Сондықтан әрі қарайда кафедраның жұмысына мол табыстар тілеймін!», - деді Андрей Кораблёв. Жылы лебізінен кейін Андрей Кораблёв орыс филологиясы кафедрасына 4 томдық «Словарь говоров уральских (яицких) казаков» кітабын табыс етіп, аталған туындының университет жұмысына пайдалы болатынына сенім білдірді.
Дөңгелек үстелде орыс тілінің қазіргі жағдайы, оның Қазақстан мен шетелдегі орны, қазіргі орыс тілінде жазатын авторлардың тілдік-стильдік ерекшеліктері, жастар арасындағы орыс тілінің таралуы секілді өзекті тақырыптар талқыланды.
Баяндамалар легі этномәдени бірлестіктің өкілі Светлана Фадинаның жасөспірімдер мен жастар арасында орыс тілін үйрену мен насихаттауға арналған баяндамасымен басталып, орыс филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Сания Камелова, Білім басқармасының Методологиялық орталығының методисті Айсұлу Адилова, Қ.Сәтпаев атындағы мектептің мұғалімі Гүлмира Тілегенова, сондай-ақ 4 курс студенттері Нурикамал Қылышбек пен Райхан Қасмағамбетова сынды қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, естелік суретке түсті.