Фотография

Жанузакова Зульфия Жанузаковна

магистр, аға оқытушысы

Жанузакова Зульфия Жанузаковна Атырау (Гурьев) облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылында 21.01.1974 жылы туған. 1991-1996 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика-математика факультетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша оқып аяқтады. 2011-2013 жж. «6М060200-Информатика» мамандығы бойынша магистратурада білім алып, жаратылыс ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 1996-2002 жж. Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын қалалық техникалық гимназияда математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Информатика кафедрасында оқытушы, 2003 жылдан аға оқытушы, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында қосалқы қызметте болып, 2023 ж. қыркүйек айынан бастап Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып қызметін жалғастырып келеді. З.Ж. Жанузакова 4 оқу-әдістемелік құралдар мен 30-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Жанұялы, жанұяда жолдасымен 2 бала тәрбиелеп отыр.