
Рысмагамбетова Гульфара Маратовна
магистр, сеньор-лектор
Рысмагамбетова Гульфара Маратовна 2007 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 010540-Информатика мамандығы бойынша аяқтап, сол жылы университеттің Компьютерлік және есептеу технологиялары кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылды. 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 6М060200-Информатика магистратура мамандығына түсіп, 2013 жылы бітіріп, жаратылыстану ғылымының магистр дәрежесін алды. Өзінің еңбек жолында 2007 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, компьютерлік және есептеу технологиялары кафедрасында стажер-оқытушы қызметінен бастап, 2007 жылы оқытушы, аға оқытушы, 2011-2013, 2021-2022, 2024 жылдар аралығында тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарып келеді. 2007-2011 жылдары Компьютерлік және технологиялар кафедрасының практика құжаттарына жауапты болды. 15-тен аса ғылыми жарияланымдарым бар. Ректордың және Атырау қаласы мен облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Факультет бойынша студенттермен бірге жасалынған волонтерлық еркін қозалыстардың жетекшісі. Тұрмыста, жолдасы — Ильясов Ерлан Саматович, 1985 жылы туған, "КазМунайГаз" акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бұрғышы. Екі ұлы бар.