Фотография

Асанова Бақтыгүл Унгарсыновна

Доктор PhD

Асанова Бактыгул Унгарсиновна 13.09.1981 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы,Тайсойған ауылында дүниеге келген. 1987-1998 жылдар аралығында Ғ.Сланов атындағы орта мектебінде оқыған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің, қолданбалы математика мамандығына оқуға түсіп, оны 2002 жылы аяқтады. 2002 жылы осы аталған университетке магистратураға түсіп 2004 жылы бітіріп 510250- Қолданбалы математика және информатика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді. 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жолдамамен жұмысқа келіп қызмет атқаруда. 2004 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, математикалық талдау кафедрасында оқытушы (2006-2011), аға оқытушы (2011-2017). 2008-2014 ж.ж. Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті деканының тәрбие істері және оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, 2014-2016 ж.ж. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, 2016-2017 ж.ж. Бағдарламалық инженерия кафедрасында аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 2017-2020 ж.ж. Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университеті, ақпараттық технологиялар факультеті, 6D070300-Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша доктурантураны бітіріп, 2020 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 50-ға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген. 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы. «AP19679897-Мұнай коксын өндіру процесін басқару үшін интеллектуалдандырылған шешім қабылдау жүйесін әзірлеу» атты жоба жетекшісі. 2021 жылдан бастап физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарады.