Фотография

Байтемирова Нургул Бауыржановна

магистр, аға оқытушы

Байтемирова Нургуль Бауржановна 27 ақпан 1984 ж.т., туған жері Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосы, Б.Бегалиев атындағы орта мектеп (1999) және №3 Құрманғазы кәсіптік лицейді (2002) бітірді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің информатика мамандығын (2002-2007 жж.), магистратура бойынша 6М011100-Информатика мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі (2014) аяқтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде компьютерлік және есептеу технологиялары кафедрасында оқытушы (2007), информатика кафедрасының аға оқытушысы (2015), Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-тәрбие жұмыстарының декан орынбасары (2017-2020), «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының Кафедра меңгерушісі (2022-2023) болып жұмыс жасап келді. Куопио қаласының Савония қолданбалы ғылымдар университетінен (Финляндия, 2013), Валенсия қаласының Валенсия политехникалық университетінен (Испания, 2015) шетелдік тағылымдамадан өтті. 30-ға жуық мақала, оның ішінде Web of Science мен Scopus мәліметтер базаларында 4 ғылыми мақалалары, 7 авторлық куәлік, 2 оқу құралы жарық көрген. «KazRoboProject-2016» облыстық тур, Информатика мамандығы бойынша IV республикалық олимпиада, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорының (2017), "НұрОтан" партиясының, халықаралық олимпиадаларының Уфа. Россия, за подготовку студентов VII межвузовской студенческой олимпиаде по информатике иинформационным технологиям (2018), Москва. Россия, за подготовку студентов учебного заведения Атырауский государственный университет им. Х.Досмухамедова к участию в Международной олимпиаде в сфере информационных технологий «IT-Планета 2018/19» (2019) алғыс хаттарымен марапатталған. ЖАОК moocs.kz Ұлттық ашық білім беру платформасында «Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау» курсын (2021) құрды. Құрмет грамотасы ҚРБЖҒМ (2021), ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2021) атағының иегері.