Фотография

Жәнібекова Іңкәр Жәнібекқызы

Кафедра меңгерушісі

“Бағдарламалық инженерия” кафедрасының оқытушысы Жәнібекова Іңкәр Жәнібекқызы 1992 жылдың 30 сәуірінде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсіп, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013-2015 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде магистратурада білім алды. Магистратурада оқып жүргенде Германияның Шмалькальден қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. 2015 жылы «6M70400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Жәнібекова Іңкәрдың кәсіби мансабы 2015 жылдың қыркүйегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында оқытушы ретінде басталды. Бұл қызметте студенттерге практикалық білім беріп, оларды технологияларды меңгеруге және кәсіби дағдыларын дамытуға ынталандырды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап ғылым департаментінде ғылыми қызметкер міндетін атқарды, зерттеу жобаларына қатысып, университеттің ғылыми бастамаларын дамытуға үлес қосты. Университетте жұмыс істеген кезінде ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі және стратегиялық бастамалар бөлімі басшысы сияқты басқарушылық қызметтерді атқарды. Бұл лауазымдар университеттің ғылыми дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. 2017 жылдың тамыз айында халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл қызметте шетелдік университеттер және ғылыми орталықтармен серіктестік қарым-қатынас орнатумен айналысты. Жәнібекова І. университеттегі негізгі қызметтерін жалғастыра отырып, 2020 жылы ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі басшысы қызметіне қайта оралды. 2021 жылы ғылым департаментінің директоры болып тағайындалып, маңызды ғылыми жобалар мен бағдарламаларда жұмысын жалғастырды. Кәсіби қызметі барысында бірнеше курстар мен тағылымдамалардан өтіп, білімін және дағдыларын жетілдірді. Олардың қатарында 2015 жылдың соңында Senior Experten Service (SES) ұйымдастырған Java бағдарламалау курсы және 2016 жылы HuMan NOMAD институтында университеттің бизнес-стратегиясы бойынша курс бар.