Media Image

23 маусым 2025

Студенттердің оқу-жаттығу жиыны Шекара қызметінде өтті

Бүгін Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасы студенттерінің тәжірибелік сабақтары Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі "Евразия" шекара заставасында жалғасын тапты. 

Студенттерге "Мемлекеттік шекара учаскелерін күзетуді күшейтуде аумақтық әскерлер құрылымдарын қолдану негіздері" тақырыбында тәжірибе өткізілді. Тақырып бойынша міндеттерді орындау тәсілдері, іс-қимылдар түсіндіріліп, кейбіреуін студенттердің өздері зерделеп, талдап көрді. 

Сонымен қатар шекара қызметінің жалпы жауынгерлік ұйымдастырылуы, бөлім аумағымен сарбаздардың күнделікті тұрмысы, жатын-жайымен танысты. 

Шара соңында тәжірибелік сабақты ұйымдастырушы - оқу-жаттығу жиыны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, отставкадағы майор Гульнара Бердалиева университет және әскери кафедра басшылығы атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.