Media Image

23 маусым 2025

Әскери кафедра студенттерінің оқу-жаттығу жиыны жалғасуда

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасы студенттерінің оқу-жаттығу жиыны өтуде.

"Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру" мамандығы бойынша аяқтаушы түлектер Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты Жедел-құтқару отрядында оқу бағдарламасына сәйкес "Халықты құтқару, эвакуациялау, авариялық- қалпына келтіру жұмыстары" тақырыбында тәжірибелік сабақтардан өтті.

Жиын құтқару жұмыстарында қолданылатын аспаптармен жұмыс жасау ережелері, қауіпсіздік шараларын сақтай отыра орындалды. Сонымен қатар, құтқарушылардың жұмыс жасауына керекті жарақтарды киіп, қолдану негіздерімен, осы бағытта қолданылатын техникалармен етене жақын танысты. Альпинизм, яғни жоғарыдан немесе жертөлелерден тұрғындарды құтқару жұмыстарындағы құрылғыларды да студенттер киіп, орындап көрді.

Әскери кафедра студенттері екі жыл алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берген жедел-құтқару отряды қызметкерлеріне алғыс білдірді. Аталмыш сабақтар апта бойына өзге де нысандарда жалғасын табады.