Media Image

20 маусым 2025

Шеберлік сағаты – кәсіби дамуға жасалған қадам!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы және Бастауыш мұғалімдер академиясының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері, МАД тәрбиешілері мен репетиторларға арналған “Жаңа заман – жаңа әдістеме” атты шеберлік сағаты өтті!

Жазғы демалысты тиімді өткізіп, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар үшін бұл тамаша мүмкіндік болды.

Шара барысында заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісіп, практикалық тәжірибемен ұштастырған – Бастауыш мұғалімдер академиясының  негізін қалаушылар:

Дина Аккалиевна

Шолпан Қасымханқызы

Ұстаздарға шабыт сыйлаған, жаңа көзқарас пен әдістемелік жаңалықтарға толы бұл кездесу әлі талай оң нәтижесін береді деп сенеміз!