Кафедра туралы
Кафедрадағы жобалар
2024 жылғы университетішілік ғылыми жоба конкурсында «Педагогикалық бағыттардың білім беру бағдарламалары бойынша контингентті қалыптастыру шеңберінде университет кафедраларының ерте кәсіптік бағдарлау қызметінің тетігін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми - зерттеу жобасын жеңіп, университеттің іргелі жобаларының қатарына қосылды. Ғылыми жетекші – PhD Кинжибаева Ф.Б.
Мектеппен байланысы
6В01201- «Педагог-тәрбиеші және мектепке дейінгі білім беру әдіскері» және «6В01301-Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы» білім бағдарламалары бойынша КМҚК № 17 бөбекжай бақшасы, КМҚК № 55 бөбекжай балабақшаcы, №27 «Ақбота» бөбекжай бақшасы, «Серпін» бөбекжай бақшалары мен «Senim» элитарлық мектебі, «Baby city» мектеп-бақша және ЖББ Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектеп, ЖББ Ф.Досымова №12 мектеп, Д. Қонаев атындағы Binom-school мектеп-лицейімен тәжірибелік мекеме және филиал ретінде тығыз байланысты. Бала-бақшалар мен мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысын жүзеге асырады, түрлі әдістемелік, ғылыми шаралар ұйымдастырады. Мектеп түлектеріне мамандық таңдауға бағыт беріп, насихат жұмыстарын жүргізеді.