Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет
             
МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ Чингиз Нұржанович
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы, Этика жөніндегі комиссия мүшесі
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ
Мақсатымыз
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық ISO 37001:2016 стандартына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бойынша шараларды мониторингтеу және іске асыру.
Міндеттеріміз
- Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу тетіктерін енгізу;
 - Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шараларды тиімді жүзеге асыру;
 - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
 - ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
 - Қызметкерлер мен білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру;
 - Сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың салдарын азайту;
 - Түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
 - Қызметкерлер мен студенттерге, соның ішінде жеке қабылдауда және сенім телефоны арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес беру.
 
Жұмыс қағидаттары
- Қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
 - Басшылықтың қолдауы мен белсенді қатысуы;
 - Комплаенс-қызметінің қызметінің ашықтығы;
 - Шешім қабылдаудағы тәуелсіздік;
 - Жұмыстың үздіксіздігі мен жүйелілігі;
 - Комплаенс тетіктерін үнемі жетілдіру;
 - Маман кадрлардың біліктілігін арттыру.
 
Негізгі қызмет бағыттары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу;
 - Академиялық адалдық кодексінің орындалуын бақылау;
 - Студенттер мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
 - Заңсыз сыйақылардың алдын алу;
 - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау.
 
Байланыс
📞 Телефон: +7 777 222 30 30
📅 Қабылдау уақыты: күн сайын 09:00–18:00
📍 Мекенжай: Атырау қ., Студенттер даңғылы, Бас корпус, 1-қабат, 140-кабинет
📧 Электрондық пошта: Ch.mukhambetkaliyev@asu.edu.kz