
Құқықтық сауаттылықты арттыру семинары өтті
Заңгер Дидар Смағұлов кездесудің екінші бөлігінде Атыраулық жастарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өткізді.
Атырау университетінің қабырғасында ұйымдастырылған шара жоғары оқу орынының қызметкерлері мен әртүрлі мекеме өкілдерін және жастарды қамтыды.
Жиында E-gov, e-өтініш пен ЭЦҚ сынды сандық технологияларды пайдалану және ақпараттық қауіпсіздік тақырыптары қозғалды.
Айта кетейік, Дидар Смағұлов осыған дейін жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында трениң өткізген болатын.



.jpeg)