
Атырау университеті халықаралық әріптестікті кеңейтуде
Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың бастамасымен қытайлық Лихэ ғылыми-технологиялық компаниясының шетелдік бизнес бөлімі бас директорының орынбасары Чжане Сяомэн Атырау өңіріне сапары барысында университетке арнайы келіп, оқу орнымен танысты.
Лихэ ғылыми-технологиялық компаниясы – Қытайдың су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау және ауаның ластануын зерттеуге арналған озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды әзірлейтін ұлттық инженерлік-зерттеу орталығы.
Кездесу барысында Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов пен компания өкілі өзара әріптестікті дамыту мен ғылыми ынтымақтастық орнатуға алғашқы қадамды жасады.
Сонымен қатар шетелдік мейманға университеттің жетістіктері, ғылыми ізденістері және студенттердің жобалары таныстырылды.
