Media Image
29.08.2025 66

Педагогтарды даярлау сапасына қатысты кеңейтілген жиналыс өтті

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың төрағалығымен университет құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.

Жиналыста Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен келіп түскен педагогикалық кадрларды даярлау сапасына жүргізілген мониторинг (чек-лист) нәтижелері талқыланды.

Жиын барысында жауапты құрылымдық бөлімшелерге анықталған сәйкессіздіктерді жою, білім бағдарламаларының мазмұнына ішкі аудит жүргізу, сапа кеңесінің жұмысын жандандыру және жауапты тұлғаларды анықтау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

 Университет сапалы педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.

file