Media Image
07.11.2025 62

Даму жоспарын іске асыру жалғасады

2025 жылғы 6 қарашада «Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма-төрағасы С.Идрисовтің 2024 жылғы қоғамның қызметі туралы есебіне Директорлар кеңесінің төрағасы Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы бастаған Директорлар кеңесі құрамы қатысты. Есеп беру барысында университеттің 2024 жылғы жұмысындағы жетістіктер мен өзекті мәселелері талқыланды.

Университет  қазіргі таңда 78 бакалавриат, 42 магистратура және 2 докторантура бағдарламасы бойынша жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беріп, мамандар дайындайды. Барлық бағдарламалар заманауи талаптарға сай әзірленіп, жаңа білім беру стандарттарына сәйкес жетілдірілуде. Оқу орны білім беру сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды белсенді қолданып,  оқыту процесіне жасанды интеллект негіздері енгізіліп, «Huawei», «Astana Hub» және «Coursera» платформаларымен бірлескен оқыту жобалары жүзеге асуда. Есептік жиында  университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру сапасын арттыру, оқу бағдарламаларын жаңарту, аккредитациялық талаптарды орындау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп, ғылыми зерттеулердің көлемі мен сапасы өсіп, халықаралық жобаларға қатысу деңейі артқаны, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби деңгейін арттыру, жас мамандарды қолдау, кадр резервін қалыптастыру, білімалушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, шығармашылық және спорттағы белсенділігін арттыру мақсатында іс-шаралар, оқу орнының қаржылық тұрақтылығын сақтап, материалдық-техникалық базаны жаңарту, цифрландыру және инфрақұрылымды жақсарту бойынша да атқарылып жатырған жұмыстар атап өтілді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Б.Мамраев оқу орнының даму жоспарына сай жұмыстарды жүзеге асырып отырғанын, алайда бірқатар шешімін табуды қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті. Әсіресе, 2023 жылы апаттық жағдайда деп танылған  №2 жатақхана мен №2 оқу ғимаратының орнына Студенттер үйін салу, «Ұстаз» мектебіне дербес ғимарат  керектігі, университетке жаңа замануи зертханалары бар ғимарат салу мәселесінің ұзаққа созылып бара жатқанын назар аударды.