Media Image
05.11.2025 60

«Шапағат» кітабының тұсаукесері өтті

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Атырау облысының Құрметті азаматы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің жаңа еңбегі – «Шапағат» кітабының тұсаукесері өтті.

Ізгі дәстүрге айналған бұл шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов ашып, сөз сөйледі. Кітап авторы, профессор Қадыр Жүсіп өз сөзінде жаңа туындының мазмұны мен идеялық бағыт-бағдары туралы кеңінен әңгімеледі.

Кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесіліп, рәсімді университеттің Ғылыми кеңес мүшесі Асхат Сәлімұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлы, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы Сәлімгерей Аймұратов жүзеге асырды.

Шара соңында  Түлеуова Райгүл Орынбасаровқызына математика бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы табыс етілді.