Media Image
05.11.2025 65

Заң мен тәртіп: әділеттіліктің негізі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуді «ЖАҢАРУ» қозғалысының Атырау облысы бойынша филиалының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры С.Н. Идрисов ашып берді. Ол жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту – басты бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты:

Аруов Фархат Аманжолович – Атырау қаласы Полиция басқармасы Тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры;

 Джангалиева Марьяна Қазбекқызы – Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі;

Муханбеталиев Даурен Максимович – Атырау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны;

 Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру бағытында ашық әңгіме өрбіді.

Құқық бұзушылықтың салдары мен алдын алу жолдары талқыланып, бейнероликтер көрсетілді.  Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды.

Шара соңында С.Н. Идрисов құқық қорғау саласының өкілдерін жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.