Media Image
30.10.2025 60

Құқықтық диктант өтті

Президент Жолдауында айқындалған «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негіздерінің бірі. Осы бағыт аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде құқықтық диктант өтті.

Шара барысында университет студенттері бір мезетте құқықтық диктант жазып, өздерінің заң саласындағы білім деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.

Бұл бастама жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық үстемдігін дәріптеуге бағытталды.