“Қаржы және инновация: үздік студенттік жобалар байқауы”
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Банктер ассоциациясының бастамасымен студенттік жобалар мен зерттеулердің Республикалық конкурсының I кезеңі өтті.
Конкурсқа ұсынылған жобалар мен зерттеулер қаржы-банк саласында, криптоиндустрия саласында, сондай-ақ инвестициялар саласында ықтимал қолдануға бағытталған.
Байқау комиссиясының құрамында қаржы және банк секторының, киберқауіпсіздік пен талдау саласының тәжірибелі мамандары болды. Атап айтқанда, «Atyrau HUB» корпоративтік қорының директоры Қаржауов Равиль Габитович, «Fortebank» АҚ «Тельман» филиалының басшысы Дабысов Мереке Кенжеболатұлы, «Halyk Bank» АҚ Атырау облысы филиалы карталық бизнес бөлімінің жетекшісі Утепбаев Қайыржан Дүйсенғалиевич және өзге де сарапшылар қазылық етті.
Конкурс қорытындысы бойынша:
I орын – «Qamqor OS – Қазақстандағы RegTech және FinTech трансформациясының жаңа кезеңі» жобасымен Тлегенова Гүлжайна мен Мұхит Айкүн;
II орын – «MindFort» ақылды қамал жобасымен Бершқали Айымгүл мен Асылбекызы Салтанат, сондай-ақ «AI Personal Finance Planner» жобасымен Маратова Малика мен Нургужиева Мадина;
III орын – «AI негізіндегі жеке тұлғалардың қаржылық талдау және жоспарлау жүйесі» жобасымен Мұратов Заңғар мен Әділбаева Назерке, және «Қазақстан банк секторындағы цифрлық клиенттік тәжірибені оптимизациялауда нейромаркетингті қолдану» жобасымен Атшыбаева Әсемгүл иеленді.