
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде маңызды кездесу өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов түркиялық профессор Мұстафа Кемаль Гюмюштық қабылдады. Ол Орхун бағдарламасы аясында келіп отыр.
Зерттеуші ғалым Мұстафа Кемаль Гюмюш университет ректоры Саламат Идрисовпен кездесуінде Артвин университеті мен Атырау университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады.
