Media Image
17.09.2025 17

Инфрақұрылымды жаңғырту және Каспий теңізін сақтау жолдары

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында «Қазақстанның тұрақты дамуы: инфрақұрылымды жаңғырту, Каспийді қорғау және экологиялық ағарту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға профессор-оқытушылар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған орнықты даму бағыттарын талқылау. Атап айтқанда, су инфрақұрылымын жетілдіру, Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау және Таза Қазақстан акциясы аясында қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Кездесуде бірқатар баяндамалар тыңдалды. Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Мансия Есенаманова Каспий теңізі деңгейінің тарихи өзгерістеріне тоқталса, ««Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Чернова теңізді сақтау жолындағы сын-қатерлерді талдады. Сондай-ақ, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылым және мониторинг бөлімінің жетекшісі Назерке Махметова Каспийдің биоалуантүрлілігін қорғау шараларын таныстырды.

Қоғамдық пікірдің маңыздылығы мен экологиялық құқықтарды қорғау мәселелерін «Жайық-Каспий Орхус орталығының» директоры Шынар Изтелеуова және адвокат Айгүл Кенжалиева көтерді.

Іс-шара соңында қатысушылар Каспий теңізін сақтау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу қажеттілігін, сондай-ақ экологиялық ағартушылықты мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін жүйелі түрде енгізу маңызын атап өтті.

file
file
file
file
file
file