Media Image
16.09.2025 19

Маман даярлаудағы жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жасанды интеллект: мамандар дайындаудағы мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, мектеп мұғалімдері мен студенттер қатысты.

Алғы сөзді университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов сөйлеп, жасанды интеллекттің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақыт Алтынбасов, PhD докторанттар мен жас зерттеушілер Мейрамгүл Мухамбетова, Мақсот Рахметов, «Тенгизшевройл» ЖШС-нің деректераналитигі маманы Рустем Куссайнов, педагог-зерттеуші Замзагүл Аманиязова және информатика мамандығының 4 курс студенті Аяулым Боранбай мазмұнды баяндамалар жасап, жасанды интеллекттің ғылым мен білімдегі, өндірістегі және кәсіби бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар жасанды интеллекттің болашақтағы рөлі туралы пікір алмаств. Сонымен қатар шара спикерлеріне алғыс хаттар табысталды.

file
file
file
file
file