Media Image
16.09.2025 27

Атырауда теміржол көлігіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбында семинар-кеңес өтті

Абай атындағы оқушылар орталығында «Темір жол көлігіндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға, оның ішінде есірткі және киберқылмыстарға қарсы күрес» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығының орынбасары Мәлік Қайбар, Тергеу департаментінің бастығының орынбасары Бауыржан Абенов, ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Атырау облысы полиция департаменті өкілдері және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов қатысты.

Кеңесте теміржол көлігіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар есірткі қылмысына және киберқұқықбұзушылықтарға қарсы іс-шараларды тиімді жүргізу мәселелері талқыланды.

Баяндамасында “Мемлекет басшысының 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бірінші кезектегі тапсырмаларына сай 2022 жылы интернет алаяқтықтың алдын-алу, тергеу өзге де құқық қорғау органдары қызметінде жасанды интеллектіні қолдану білу дағдылары бар мамандарды дайындау мақсатында «Цифрлық заңгер» мамандығы ашылды. Атырау облысы Адвокаттар алқасының ұсынысымен “Адвокаттық қызмет” мамандығы қосылды”,- деді ректор Саламат Идрисов.

Шара барысында студенттерге құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасу бойынша шақыру табысталды. Сонымен қатар бейнероликтер көрсетіліп, сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.

file
file
file
file