
Профилактикалық кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті және Атырау қалалық Ішкі саясат бөлімі қолдауымен, “Атырау жас өрендері” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен университет студенттерімен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлық, лудомания және токсикоманияның зияны туралы түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу.
Кездесу барысында қатысушыларға уытты заттарға тәуелділіктің денсаулыққа, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамға тигізер кері әсерлері жан-жақты түсіндірілді.
Жиын жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз таңдауларына жауапкершілікпен қарауға және зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстауға шақырумен түйінделді.


