Media Image

22 мамыр 2025

«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасы 100 оқушыға «Зертханаға саяхат» шарасын өткізді

Экология, био және нанотехнологиялар ғылыми-зерттеу институтының жанындағы ауа, су, топырақ құрамын зерттеуге бағытталған «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының ғылыми қызметкерлері Дінмұхамед Қонаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің 100 оқушысына «Зертханаға саяхат» іс-шарасын өткізді. Шара аясында оқушылар экологиялық мониторингтің маңыздылығымен, заманауи зертханалық құралдармен және су, топырақ үлгілерін талдау әдістерімен танысты.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ғылымға қызығушылықты арттыру және болашақта экология, биотехнология және нанотехнология салалары бойынша маман болуға ынталандыру. «Каспий» зертханасының қызметкерлері мұндай шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр, себебі бұл жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға және экологиялық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.