Media Image

21 мамыр 2025

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!
 Қазақстан – бай тарихы мен сан алуан рухани қазынасы бар ел. Домбырадан төгілген күй, терең мағыналы жыр-дастандар, зергерлік өнер – халқымыздың жауһар мұрасы. Сіздер – осы мұраны сақтап, бүгінгі және келер ұрпаққа аманаттаушыларсыздар!
Сан ғасырлық рухани мұрамызды жаңғыртып, ұлттың жүрегінен орын алатын өнерді өркендетудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз елдің рухани дамуына, ұлттық болмысымыздың сақталуына орасан үлес қосуда.
Шығармашылық шабыт, сарқылмас қуат пен мол табыс тілейміз! Өнер мен мәдениет саласындағы әрбір қадамыңыз сәттілікке толы болсын!
 Мерекелеріңіз құтты болсын!